Мемлекет жетім балаларды баспанамен қамтамасыз етпейінше, оларды тұрып жатқан жерінен шығаруға тыйым салатын заң жобасы өндіріске алынды

«Қолданыстағы заңнамада жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға баспана беру жөніндегі мемлекеттің міндеті қарастырылғанына қарамастан, олардың баспанаға құқын жүзеге асыру іс-жүзінде қиындатылған. Қазірдің өзінде баспанасы бекітіліп берілген көптеген осы санаттағылар, өздері балалар үйінде жүргенде-ақ одан айрылып қалып жатыр. Баспана бұзылады, басқа себептермен жойылады, енді біреулері әлгі баспананы заңсыз иеленіп кете барады. Сондықтан да, қолданыстағы заңнама нормалары осы санаттағы балалардың баспанаға қатысты құқын қорғау өзгерістерді қажет етеді», - деді депутат Дариға Назарбаева.
Оның айтуынша, Мәжілістің қарауына алынған заң жобасы әрбір жетім баланың баспанаға құқын қалпына келтіреді. Бұл ретте жетім бала мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, емдеу немесе басқа да ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан балалар, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қажет ететін балалар баспанаға меншік құқығын немесе баспананы пайдалану құқығын әр уақытта сақтап қалатын болады. Егер баспанасы болмаса оны иеленуге құқы қарастырылады. «Заң жобасы бойынша жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға егер басқа тұрғын-жай берілмесе онда оларды тұрып жатқан орыннан шығарып тастауға тыйым салынады», - деді депутат Д. Назарбаева.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заң жобасына 2013 жылдың 17 сәуіріне дейін қорытынды шығаратын болады.