Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Көкшетауда ұсталды
Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Көкшетауда қолға түсті, деп хабарлайды Kazinform.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыскерді Көкшетау қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «Шетелдік» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында анықтаған.
- Анықталғандай, 2018 жылы қазақстандық Ресейдің Омбы облысының аумағында есірткі қылмысын жасаған, алайда ол жазадан құтылып, 5 жыл бойы Көкшетауда жасырып жүрген. Осы уақыт ішінде ер адам РФ Қылмыстық кодексінің 228-бабының 1-бөліміне сәйкес Омбы облысы бойынша РФ ІІМ Басқармасында мемлекетаралық іздеуде болған. Көкшетау қалалық ПБ қызметкерлері қажетті материалдарды жинап, ресейлік әріптестеріне жолдады, - деді ведомстводан.
Жалпы, 2023 жылы ақмолалық тәртіп сақшылары 65 қылмыскердің орналасқан жерін анықтады.
Еске салайық, бұдан бұрын Ақмолада полицейлер есірткі курьерін қолға түсірген еді.