Мемлекетаралық банк пен АХҚО өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana Finance Days аясында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов пен ТМД-дағы Мемлекетаралық банктің президенті Игорь Суворов өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз ендігі кезекте посткеңестік кеңістікте - Еуразия аумағында халықаралық қаржы орталығының құрылғанын, сонымен жұмыс жүргізуге болатынын көріп отырмыз. Бұған дейін біз Лондан, Нью-Йорк, Сингапур, кейін Дубай халықаралық қаржы орталықтарын білетін едік. Ендігі кезекте өзімізге жақын халықаралық қаржы орталығы бар. Біз Мәскеуде жасай алмаған жұмысты сіздер осында іске асырдыңыздар. «Тартылатын» боламыз», - деді Игорь Суворов.
Ынтымақтастықтың мақсаты - АХҚО дамытуға жағдай туғызатын жағдайларды ынталандыру үшін аймақтағы қаржылық индустрияның мүмкіндіктерін жақсартатын сенімді негіз бен инфрақұрылымды қолдауға мүмкіндік туғызу.
Меморандумға сәйкес Мемлекетаралық банк нарықтық инфрақұрылымды дамыту мен озық тәжірибелерге негізделген инвесторлардың деректер базасын дамытуға қатысты кеңестер мен қажетті мәліметтерді ұсынады. Тараптар көмек арналарын жақсарту және өзара мүдделер негізінде қатынастарды нығайту үшін ұзақмерзімді ынтымақтастық механизмін жасауға тырысуда.