Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Украинадан елге қайтарылды

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Оның атап өтуінше, аталған азамат 2007 жылдың қазан айында қарақшылық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орнында отырып, кейіннен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Бірақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың ережелерін бұзғаны үшін оған іздеу жарияланған. «Күдікті Украинаның Херсон қаласында ұрлық жасағаны үшін ұсталып, сол жақтың түрмесінде жазасын өтегеннен кейін Қазақстанның талабы бойынша елімізге қайтарылды», - деді ол.
Сондай-ақ, ресми өкілдің атап өтуінше, полиция қызметкерлері оның сол жылғы қарашада Солтүстік Қазақстан облысы кенттерінің бірінде ерлі-зайыптыларды өлтіріп, Қазақстаннан тысқары жерге шығып кеткенін анықтап отыр.