Мемлекетаралық іздеуде жүрген шымкенттік алаяқ Ақмола облысында қолға түсті

КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Мемлекетаралық іздеуде жүрген шымкенттік алаяқ Ақмола облысының аумағында қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекетаралық іздеуде жүрген шымкенттік алаяқ Ақмола облысында қолға түсті

Ведомствоның мәліметінше, өткен жылы тәртіп сақшылары 80-нен астам қылмыскерді ұстады, оның ішінде 13 адам бірнеше жыл іздеуде жүрген.

«Қаңтардың 26-да Жақсы аудандық ПБ криминалдық полиция бөліміне аудан аумағында халықаралық іздеудегі қылмыскерлердің жүргені туралы хабар түсті. Жедел іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері ер адамды Жақсы ауылында анықтап, ұстады», - деді ведомстводан.

Анықталғандай, ер адамға алаяқтық үшін өткен жылы Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық соты іздеу жариялаған.

«Ер адам аудандық ауруханада әрілеу жұмыстарымен айналысып жүргенде ұсталды. Қазір ол Жақсы аудандық ПБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп толықтырды ведомстводан.