Мемлекетіміз бен қоғамымыз үшін әкімшілік заңнамасын жетілдіру өзекті болып отыр

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы және Әкімшілік іс жүргізу кодекстері жобаларының, сондай-ақ еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне іс жүргізу заңнамасы мәселелері бойынша түзетулер енгізуді қарастыратын заң жобасының таныстырылымы болып өтті.
None
None

Осы отырыста кіріспе сөз сөйлеген Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев аталған құжаттардың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Р.Мұқашевтің айтуынша, аталған заңнамалық актілерді талқылап, қабылдаудың маңыздылығы жөнінде 2009 жылы қыркүйектің 1-і күні Парламенттің төртінші шақырылымының үшінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы тоқталып өткен болатын.

Сонымен қатар еліміздің 2010-2020 жылға дейінгі құқықтық саясатындағы Тұжырымдамасында Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі дамыту әкімшілік реформаны құқықтық қамтамасыз ету мен әкімшілік рәсімдеуді жетілдірумен тығыз байланысты екені айқындалған.

Осыған орай парламентшілерге жүктеліп отырған үлкен жауапкершілікті және мемлекетіміз бен қоғамымыз үшін аталған заңнамалық актілердің өзектілігін айта кеткен жөн.

Бүгінгі таныстырылымға заң жобасын әзірлеушілер, басқа да мемлекеттік органдардың, қоғамдық білестіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сондықтан айтылған пікірлер мен ұсыныстар тыңдалып, барлық түзетулер назарға алынатын болады.

Комитет төрағасы заңдарды жетілдіру мақсатында алда ауқымды жұмыстар бар екенін, Парламент қабырғасынан сапалы заңдар шығуын қамтамасыз ету міндеті тұрғанын айта келіп, әріптестерін заң шығару ісінде нәтижелі еңбек етуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар