Мемлекетіміздің зайырлылық сипаты - бұл Қазақстанның табысты дамуының негізі - Н. Назарбаев

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекетіміздің зайырлылық сипаты -  бұл Қазақстанның табысты дамуының басты негізі. Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесі салтанатына арналған жиында Қазақстан халқына Жолдау арнаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Мемлекетіміздің зайырлылық сипаты -  бұл Қазақстанның табысты дамуының негізі - Н. Назарбаев

«Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады. Оларға еретін болсақ, біз апа-қарындастарымыз бен қыздарымыздың бетін тұмшалағанды былай қойғанда, олармен бір дастарханда отырып, тамақ ішуден қаламыз», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Президенттің пайымынша, мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктен бойды аулақ ұстау қажет.

«Мен жастарды ХХІ ғасырға, келешектегі ХХІІ қарай жетектеп отырмын. Ал мынадай жасалатын дүниелер бізді орта ғасырға, артқа қарай тартып отыр деген сөз. Осыны ойланыңыздар! Біздің мемлекетіміздің зайырлылық сипаты -  бұл Қазақстанның табысты дамуының басты негізі. Осыны бүгінгі һәм келешек қазақстандық  саясаткерлер және барша қазақстандықтар жете түсінгені абзал», - деді Н. Назарбаев.