Мемлекетке 11 миллиард теңге шығын келтірген жалған кәсіпкер ұсталды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда Экономикалық қылмыстар және жемқорлықпен күрес департаменті (ЭҚЖКД) жалған кәсіпкерлікпен айналысқан П.есімді азаматты құрықтады,

Мемлекетке 11 миллиард теңге шығын келтірген жалған кәсіпкер ұсталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат ЭҚЖКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол салықтан жалтару және тағы да басқа заңсыз мақсаттарын жүзеге асыру үшін «Статус БЭСТ» және «Селектив Креат» ЖШС-терін тіркеткен. Бұл арқылы ол мемлекетке төленбеген салық түрінде 11 414 503 013 теңге шығын келтірген.Ұсталған азаматқа қарсы ҚР ҚК-нің 192 тармағының 2 бабының «а, б» тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ осы ЖШС-нің өкілінен 10 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін қалалық статистика басқармасының бас маманы да қолға түскен. Ол жоғарыдағы ЖШС-нің сенімді өкілінен мерзімсіз статистикалық есепті алған.