Мемлекеттен қаржылай көмек сұрауға құқылы банктердің тізімі қайта қаралады

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төлем қабілетін жоғалтқан банктердің проблемасын реттеудің үш сатылы тәсілін енгізбекші. Агенттік басшысы Мадина Әбілқасымова Алматыдағы банк қызметі туралы заң жобасын таныстыруға арналған дөңгелек үстелде осындай мәлімет айтты.

 Мемлекеттен қаржылай көмек сұрауға хақылы банктердің тізімі қайта қаралады
Фото: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

- Қаржылық жағдайдың нашарлауының алғашқы белгілерінде банк өзінің жұмыс жоспарын қайта қарап, «күшейтілген қадағалау» режиміне көшеді. Одан жағдайы оңалмаса, тұрақтандыру шараларын жүгінеді. Яғни, «орнықтылықты қалпына келтіру» режимі іске қосылады. Бұдан да нәтиже шықпай, банк төлемге қабілетсіз деп танылса, уақытша басшылық тағайындалып, «реттеу» режиміне көшеді, - деп түсіндірді Мадина Әбілқасымова.

«Реттеу» режиміне өткен банк жүйелік маңызға ие банк болса, оған мемлекеттік қаражаттан көмек бөлінеді. Басқаша айтсақ, қиындыққа ұшыраған банк жүйелік маңызға ие банк болса ғана, мемлекеттен қаржылай көмек алуға хақылы деген сөз.

Бұған дейін банктерге «ислам терезесін» ашуға рұқсат беретін заң жобасы тамызда Парламентке түсетінін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар