Мемлекеттен қолдау көрген кәсіпкерлер қайтарымын жасайды деп үміттенеміз – Үкімет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан бақылау жүйесін автоматтандыруды жылдамдатуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру жұмысына ерекше назар аудару керек. Мемлекеттік органдар оны бірінші жартыжылдықтың соңына дейін аяқтауы керек», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік қолдауға ие болғысы келген кәсіпкерлерді іріктеу рәсімін ашық жүргізуді тапсырды.

«Экономика және Қаржы министрліктері мемлекеттік қолдауға ие болғысы келгендерді іріктеу рәсімдерін автоматтандыруды жалғастыруы қажет. Бұл жұмыс ашық әрі тиімді жүргізілуі тиіс. Мемлекеттік қолдауға ие болғандар соның қайтарымын жасайды деп үміттенеміз. Яғни, мемлекеттік қолдау шаралары бизнестің табысын ұлғайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құру және тұрақты жалақы мәселесін де шешуі керек», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар