Мемлекеттер арасындағы таңғаларлық шекаралар (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік шекаралар қатаң кедендік бақылауды, ұзын-сонар кезек, қатал қызметшілерді көз алдымызға әкеледі. Шекара кесіп өткен кезде қиындықтар жиі туындайтыны да рас. Бір-бірінен жүз метр аралықта орналасқан орындар арасындағы керағарлық та таң қалдырмай қоймайды, деп жазады moya-planeta.ru.

Мемлекеттер арасындағы таңғаларлық шекаралар (ФОТО)

Мысалы, Гаити мен Доминикан Республикасы бір аралда орналасса да, бір-біріне ұқсамайтын табиғи аймақтары әр қалай әсер береді.

Шекаралық аймақтар кедергіге, соғысқа себепкер болып жатқанына қарамастан, қатаң шараларды барлық ел ұстана бермейді. Кей жерлерде екі қадам аттап-ақ басқа мемлекеттің жеріне шығып кетуің мүмкін...

Соның ішінде бірегей шекаралар да кездеседі, олардан ақырындап өтіп қана қоймай, біраз бөгелуіңе болады. Ондай орындарға бірі-біріне деген достығы артқан, ортасы сызықпен ресми бөлінген АҚШ пен Канада арасындағы дәмхананы жатқызуға болады.