Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға үміткер жастар саны артып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға үміткер жастар саны артып келеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тілеукенов айтты.
None
None

«Жастар жылының салтанатты ашылуында Мемлекет басшысы атап өткендей, «жастар - еліміздің заманауи әлемде бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы» болып табылады. Дарынды жастар кез-келген қызмет саласында жетістікке қол жеткізе алады. Бұл жеке сектор үшін де, мемлекеттік қызмет үшін өзекті. Бүгінгі күні 22 мыңнан астам жас азамат өздерінің мансаптық талғамдарын мемлекеттік қызметпен байланыстырды. Жастардың ел басқарудағы белсенді рөлін өткізілген мониторинг нәтижелері айқын көрсетуде», - деді ол.

Оның айтуынша, бір жарым мыңнан астам жас маман мемлекеттік қызметте түрлі басқарушы лауазымдарда жұмыс істейді. Мысалы, 2 370 ауылдық округ әкімдерінің 94-і 29 жасқа дейінгі қызметшілер. Сонымен қатар жастар арасында мемлекеттік қызметтің тартымдылығы өсіп келеді. Өткен жылы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға өткен конкурстарға 26 мыңнан астам жас үміткер қатысты. Олардың ішінде 10,5 мыңнан астамы түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалды.

«Қызметшінің сіңірген еңбегіне негізделген кезең-кезеңмен мансаптық өсу қамтамасыз етілуде. Өткен жылы ішкі конкурстарға қатысу арқылы 7 мыңға жуық жас қызметші лауазымда жоғарылады. Бүгінгі күні, мансаптық үлгіге өтумен мемлекеттік қызмет жеке мамандық ретінде қарастырылуда. Мысалы, Жапонияда мемлекеттік қызмет осыған ұқсас қағидаттарға негізделіп құрылған. Қолына диплом алған 22 жастағы жас маман өзі үшін мемлекеттік қызмет пен жеке сектор арасында шешуші таңдау жасауы тиіс. Бұдан әрі ол таңдаған бағыттан бұрмай, іштей дамып, мансаптық саты арқылы рет-ретімен көтеріледі. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында мұндай үлгінің имплементациясын жүргіздік», - деді Жарқын Тілеукенов.

Соңғы жаңалықтар