«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу және арттыру ережесіне өзгерістер енгізілді

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №562 қаулысымен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысына өзгерістер енгізілді.
None
None

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 603-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 562 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

Осы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеудің (айқындаудың), қайта есептеудің және арттырудың тәртібін айқындайды.

1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) асыраушы - өзiнiң асырауындағы отбасының еңбек етуге қабiлетсiз мүшелерiн өз табысы есебiнен асыраушы адам;

2) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi - Заңда белгiленген тәртiппен Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам;

3) әлеуметтiк төлемдер - әлеуметтiк төлемдi алушының пайдасына Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;

4) әлеуметтiк төлемдi алушы (бұдан әрi - алушы) - әлеуметтiк қатер төнгенге дейiн Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына ол үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген не өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам ретiнде оларды өзi төлеген және әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган оған қатысты әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;

5) әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлiмшелерi;

6) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк төлемдердi есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - өңiрлерде құрылымдық бөлiмшелерi бар, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;

7) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер жүргiзетiн заңды тұлға;

8) әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу (айқындау) - Орталықтың және әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысы негізінде Заңның 21, 22, 23, 23-1, 23-2-баптарында сәйкес белгіленген тәртіппен әлеуметтік қатердің түріне қарай әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру тәртібі;

9) Орталықтың бөлімшелері - әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк төлемдердi есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері.

2. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тәртібі

2. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар адамдар Заңның 21, 22, 23, 23-1, 23-2-баптарында белгіленген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне жүгінеді.

3. Орталықтың бөлімшелері ұсынылған құжаттардың негізінде бес жұмыс күні ішінде:

1) кейіннен әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органға беру үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемдерді алушының іс макетін және осы Қағидаларға 4 - 8 - қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің жобасын (бұдан әрі - шешімнің жобасы);

2) осы Қағидаларға 9 немесе 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және орташа айлық табысы туралы анықтаманы;

3) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес төлеушіден (төлеушілерден) түскен әлеуметтік аударымдар негізінде есептелген жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайдағы әлеуметтік төлем мөлшері туралы анықтама (анықтамаларды) қалыптастырады.

4. Әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік қатер туған күнге дейінгі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысын және тиісті коэффициенттерді негізге ала отырып жүргізіледі.

Еңбек ету қабiлетiнен айырылуына, асыраушысынан айырылуына, жұмысынан айырылуына байланысты және бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерін есептеу кезінде әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген орташа айлық табыс мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтiзбелiк жиырма төрт ай ішінде әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген (осы кезеңде әлеуметтiк аударымдарда үзiлiстердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын жиырма төртке бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ОАТ = ∑ (АТ 1 + АТ 2 + АТ 3.......+ АТ 24) / 24 мұндағы:

ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;

АТ - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген ай сайынғы табысы.

Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерін есептеу кезінде әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген орташа айлық табыс мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтiзбелiк он екі ай ішінде әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген (осы кезеңде әлеуметтiк аударымдарда үзiлiстердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын он екіге бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ОАТ = ∑ (АТ 1 + АТ 2 + АТ 3.......+ АТ 24) / 12 мұндағы:

ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;

АТ - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген ай сайынғы табысы.

Әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген табыстар сомасын есептеу үшін ай сайынғы табыс төлеушіден көрсетiлген айда келiп түскен әлеуметтiк аударымдар сомасын осы айда қолданылған әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесіне бөлу және алынған нәтиженi жүзге көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ӘА а / S әа х 100, мұндағы:

ӘА а - бір айдағы әлеуметтік аударымдар;

S әа - әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі.

5. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлем мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының ең төменгі мөлшерінің сексен пайызын шегеріп, әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерiн Заңға сәйкес табысты ауыстырудың, еңбек ету қабiлетiнен айырылуының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады.

ӘТ еа = (ОАТ - 80% ЕТЖ) х ТАК х ҚӨК х ЕАК мұндағы:

ӘТ еа - еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем;

ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;

ЕТЖ - Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен белгiленетін ең төменгі жалақы;

ТАК - табысты алмастыру коэффициентi;

ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициентi;

ЕАК - еңбек ету қабiлетiнен айырылу коэффициентi.

6. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлем мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының ең төменгі мөлшерінің сексен пайызын шегеріп, әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерiн Заңға сәйкес табысты ауыстырудың, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ӘТ аа = (ОАТ - 80% ЕТЖ) х ТАК х ҚӨК х АСК мұндағы:

ӘТ аа - асыраушысынан айырылуына байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем;

ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;

ЕТЖ - Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен белгiленетін ең төменгі жалақы;

ТАК - табысты алмастыру коэффициентi;

ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициентi;

АСК - асырауындағылар санының коэффициентi.

7. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерiн Заңға сәйкес тиiсті табысты ауыстыру коэффициенттерi мен қатысу өтілінің коэффициентiне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ӘТ жа = (ОАТ - 80% ЖЕМ) х ТАК х ҚӨК мұндағы:

ӘТ жа - жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем;

ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;

ЕТЖ - Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен белгiленетін ең төменгі жалақы;

ТАК - табысты алмастыру коэффициентi;

ҚӨК - қатысу өтілі коэффициентi.

8. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлем мөлшерi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін Заңға сәйкес еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады.

ӘТ жб = ОАТ х ЕСК мұндағы:

ӘТ жб - жүктiлiгiне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлем;

ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;

ЕСК - еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициентi.

Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады.

Жүктiлiгiне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлемдi есептеу үшiн осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орнынан әлеуметтiк төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтiзбелiк он екi айдағы табысы туралы анықтама ұсынылады.

9. Ауыр босанғанын немесе екі және одан көп бала туғанын растайтын жүктілік және босану бойынша қосымша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде жүктілікке және босануға байланысты төленетін әлеуметтік төлем мөлшері жүктілік және босану бойынша қосымша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициентін қолдану арқылы әлеуметтік төлемнің қосымша сомалары түрінде есептеледі.

10. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ӘТ бк = ОАТ х ТАК мұндағы:

ӘТ бк - бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем;

ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;

ТАК - табысты алмастыру коэффициентi.

Баланы (балаларды) асырап алған адамға немесе қорғаншыға әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерi баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі күшіне енген немесе қорғаншы тағайындалған шешімі қабылданған айдың алдындағы соңғы жиырма төрт ай iшiнде әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген (осы кезеңде әлеуметтiк аударымдарда үзiлiстердiң болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ОАТ = ∑ (АТ 1 + АТ 2 + АТ 3 +......+ АТ 24) / 24, мұндағы:

ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;

АТ - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген ай сайынғы табыс.

11. Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының пайдасына бiр айдың iшiнде бiр төлеушіден бiрнеше рет әлеуметтiк аударымдар түскен жағдайда, аталған айға әлеуметтiк төлемдi есептеу үшiн қолданылатын жиынтық табыс республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.

Әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының пайдасына бiр айдың iшiнде екi және одан да көп төлеушіден әлеуметтiк аударымдар түскен жағдайда, әрбiр төлеушіден келiп түскен әлеуметтiк аударымдар бойынша ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде есептеледi, кейiн олар жинақталады.

12. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі туралы анықтама негізінде (осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша), әлеуметтiк төлемге құқық басталған айдың алдындағы осы кезеңде әлеуметтiк аударымдарда үзiлiстердiң болу-болмауына қарамастан Қорға әлеуметтік аударымдар түскен айлардың санын қосу арқылы айқындалады.

13. Егер жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік төлем алушының ай сайынғы табысы әлеуметтік қатер туындаған күнге дейін күнтізбелік он екі ай ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен асатын болса, Қордан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем мен жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа төленетін ақы арасындағы айырманы жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларда, әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдер тағайындау сомалары туралы анықтаманы алушыға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталық бөлімшесі арқылы жұмыс берушіге ұсыну үшін береді.

15. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алушы қайтыс болған жағдайда бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адамға әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешімнің жобасын бастапқы деректер негізінде Орталықтың бөлімшесі дайындайды және оны әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бекітеді.

16. Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі немесе асырауындағылардың саны өзгерген жағдайда әлеуметтік төлемнің жаңа мөлшері алушының өткен жылы құқығы болған арттырулардың барлық пайызын ескере отырып, Заңның 21 және 22-баптарына сәйкес есептеледі.

3. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу тәртібі

17. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасына сәйкес еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі өзгерген күннен бастап жүргізіледі.

18. Асырауындағы адам саны көбейген жағдайда асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу әлеуметтік төлемдерді алушы немесе асыраушысы қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асырауындағы отбасы мүшесі жазбаша өтініш берген күннен бастап жүргізіледі.

Асырауындағы адам саны азайған жағдайда асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеуді Орталық қайтыс болған асыраушының (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асырауындағы адамдардың біреуіне асыраушысынан айырыл­ған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге құқығын жоғалтқан күннен бастап жүргізеді. Бұл ретте әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде тоқтатылған күннен бастап жаңартылады.

19. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген айлық есептік көрсеткіштің жыл сайынғы өзгеруіне байланысты қайта есептеу туралы шешімді әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысанда Орталық бөлімшесі дайындаған шешім жобасы негізінде жүргізеді.

20. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республика­сы­ның Заңында көзделген бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақының ай сайынғы мөлшері өзгерген кезде бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі үшін төленетін мемлекеттік жәрдемақының деңгейіне дейін көтеріледі.

21. Әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кезеңге әлеуметтік төлемге құқық туындаған күннен кейін әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда алушыға тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшеріне қайта есептеу жүргізілмейді.

4. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру тәртібі

22. Еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде арттыру күні алушы болып табылатын адамдарға жүргізіледі.

23. Еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы шешімдердің жобаларын әрбір алушы бойынша (осы Қағидаларға 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша) әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және төлемдерді жүзеге асыру үшін оларды Орталықтың бөлімшесіне жібереді.

5. Қорытынды ережелер

24. Қордан әлеуметтік төлемдер ағымдағы ай үшін әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде төленеді.

25. Орталық төлем айының алдындағы айдың 25-күнiне жүктілікке және босануға байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттiлiгiн қалыптастырады және Қорға ұсынады.

26. Қор үш күндік мерзімде алушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыратын Орталықтың шотына әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға қажетті қаражатты аударуды жүргізеді.

Қаулының толық мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум