«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат. Мәдениет және ақпарат министрлігі желтоқсанның 23-де «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысын өткізді,
None
None

деп хабарлады министрліктен.

Жұмыс тобының құрамына Парламент депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және көптеген үкіметтік емес ұйымдардың басшылары енгізілді.

Отырыс барысында Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева комиссия мүшелерін мемлекеттік- әлеуметтік тапсырыс жүйесін жетілдіру жөніндегі министрліктің жұмысымен таныстырды.

Нақтырақ айтқанда, ҮЕҰ үшін конкурс өтінімін қамтамасыз етудің 1% және бірқатар құжаттарды нотариалдық куәландыру талабы алынып тасталды, жүзеге асырылатын қызметке ҮЕҰ миссиясының сәйкес келуі талабы енгізілді, ҮЕҰ конкурстық құжаттарын мемлекеттік тілде ұсынуы қамтамасыз етілді, сараптамалық комиссияның құрамы күшейтілді, этномәдени орталықтарға арналған тренингтер өткізілді.

Осы жұмыстардың арқасында 2009 жылы 206 ҮЕҰ 226 жобаны жүзеге асырды

Бұл жұмыстардың шынайылығын, айқындығын қамтамасыз ету мақсатында monitoring.academy.kz. атты арнайы сайт құрылды. Онда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы барлық ақпарат орналастырылған және бұл ақпараттармен кез келген интернет пайдаланушысы танысуына болады.

Осы жобаның арқасында МАМ «ашықтығы және транспарентігі үшін» аталымы бойынша «Таным» қоғамдық республикалық жүлдесінің лауреаты атанды.

Осылармен қоса, 2005 жылы қабылданған және декларативтік мазмұндағы тек 10 баптан тұратын «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңына өзгертулер енгізуді талап ететін маңызды проблемалар жеткілікті.

Сонымен қатар, Қазақстанда азаматтық қоғамның белсенді дамуы байқалады. Бүгінгі таңда елімізде шамамен 18 мың ҮЕҰ ресми тіркелген.

Бұл мәселелерді  IV Азаматтық форумының қатысушылары да көтерген болатын.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев форумда сөйлеген сөзінде, «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырудың барлық институттары мен механизмдері «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» бір заңмен реттелуі тиіс» - деген болатын. Шындығында, барлық мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң негізінде конкурстар өткізу кезінде төменгі баға ұсынушыны таңдау қағидасын басшылыққа алады.

Министрлікке үш жылдық бюджетке өтуді ескере отырып, жобаларды ұзақмерзімді қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс құралдарына екі рет салық салуды алып тастау, «әлеуметтік жауапты бизнес» түсінігін заңнамалық тұрғыдан бекіту тапсырылды.

Қазіргі уақытта министрлік тарапынан «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындау бойынша Тұжырымдама әзірледі. Аталған Тұжырымдаманы Жанна Құрманғалиева жұмыс тобының мүшелеріне таныстырды, сондай-ақ барлық азаматтық қоғам секторын заң жобасымен белсене жұмыс жасауға шақырды. Жауапты хатшы бұл жұмыстарды атқаруға барлық жағдайлар жасалатындығын, Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz сайтында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заң жобасы бойынша ұсыныстар мен пікір алмасу үшін арнайы бөлім ашылғанын ескертті. Сайтта жұмыс тобының құрамы және оның отырыстарын өткізу кестесі, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнама мен жоспарланып отырған түзетулердің тұжырымдамасы орналастырылған.

Жұмыс тобының отырыстары ашық және айына бір реттен жиі емес өткізіледі. Оған барлық мүдделі тұлғалардың қатысуына және нақты ұсыныстар енгізуіне мүмкіндігі бар.

Заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізудің жоспарланған мерзімі - 2010 жылғы қыркүйек айы.

Соңғы жаңалықтар