Мемлекеттік аппарат ықшамдалады - едәуір құзыр мемлекеттік емес секторға өтеді - Президент

АСТАНА. ҚазАқпарат - Реформалар мемлекеттік аппаратта да орын алады. Бұл туралы бүгін Ұлықтау рәсімінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Мемлекеттік аппарат ықшамдалады - едәуір құзыр мемлекеттік емес секторға өтеді - Президент

«Реформалар мемлекеттік аппарат жұмысын ашық етеді. Азаматтар алдында есеп беретін болады. Мемлекет аппарат шағын болуы тиіс, едәуір құзырлар мемлекеттік емес секторға және жергілікті жерлерге өтуі тиіс», - деп атап өтті Президент. «Мен ұлтыма беріп отырған реформалар жоспары - тыныштығы бұзылған әлемде азаматтарға қауіпсіздік, инклюзивті жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біз замана ағымына сай мемлекетті құруға күш салдық. Бұл біздің мемлекеттілік құру жолындағы алғашқы қадамымыз болды. Содан кейін, аяққа тұрысымен қалыптасқан мемлекеттің жолын салдық. Бұл екінші кезең болды. Қазір елде ұлы реформалар басталып жатыр. Біз «Мәңгілік елге» жол салып жатырмыз. Бұл біздің мемлекеттілік құрудағы үшінші кезеңіміз болады», - деді Н.Назарбаев.