Мемлекеттік аппараттың жұмысы түбегейлі жаңарады - ректор Жақыпова

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпованың айтуынша, екі-үш жылда мемлекеттік аппараттың жұмысы түбегейлі өзгеріп, стратегиялық сипатқа ие болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Негізі, қазірдің өзінде мемлекеттік аппарат заман талабына сай басқару әдістерін қолданып келеді. Оны Үкімет құрамынан анық байқауға болады. Министрлер батыл бастамаларды көтеріп, прогрессивті әдіс-тәсілдерге басымдық беріп жатыр. Премьер-Министр де, вице-премьерлер де сондай. Мәселен, Асқар Қуанышұлы (Үкімет басшысының орынбасары - авт.) Қазақстанды цифрландыру шараларымен тығыз айналысуда. Бұл процессті тоқтату мүмкін емес. Меніңше, алдағы екі-үш жылда біз кәсіби мемлекеттік аппараттан стратегиялық мемаппаратқа келетін боламыз», - деді Ф.Жақыпова бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Ректордың айтуынша, қазіргі кезде кейбір қоғам белсенділері әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызметті басқа қырынан көрсетсе де, шын мәнінде, мемқызметшілердің өздері жаңаша жұмыс істеу қажеттігін жақсы түсінеді.

«Олар жаңаша жұмыс істеуді бастады. Солай болуы керек. Оны да жақсы түсінеді. Сондықтан екі-үш жылда мемқызметшілердің жұмысы мүлдем жаңаша жүргізіледі, түбегейлі жаңарады», - деп атап көрсетті Ф.Жақыпова.

Айта кетейік, брифинг барысында ректор басшысы сыбайлас жемқорлық мәселесіне де тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, мемқызметшілердің ар-ұятын әлі де ұштау қажет.

Соңғы жаңалықтар