Мемлекеттік аудит 3,7 трлн теңгенің 304 млрд теңгесінен қаржылық бұзушылық анықтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Үкімет отырысында Ерұлан Жамаубаев бюджетті игеруге жүргізілген аудиттің қорытындылары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдың 10 айында шамамен 10 трлн теңге сомасына 475 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылды.

Тексеру қорытындылары бойынша 32 957 рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 93% орындады. 1 999 аудиторлық іс-шара өткізілді», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Айтуынша, аудитпен қамтылған 3,7 трлн теңгенің 304 млрд теңгесінен қаржылық бұзушылықтар анықталған.

«Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 284 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды.

Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 1 794 ұсыным берілді», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар
telegram