«Мемлекеттік авиациялық орталық» мекемесінің 5 жылдығына арналған мерекелік авиашоу өтеді
АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - 21 тамызда елордадағы «Жоламан» аэродромында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік авиациялық орталық» РМК-ның 5 жылдығына арналған мерекелік авиашоуы өтеді.
Авиашоуға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Алтынбаев, еліміздің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Р.Адимолда және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері қатысады.
Авиашеру бағдарламасынан курсанттар арасындағы жарысты және нұсқаушы ұшқыштар өнерін тамашалауға болады.