Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ - Ұлттық банк төрағасы

АЛМАТЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Ақпанда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 6 аукционы болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
None
None

Аукциондарда 12 айлық МЕККАМ (982 млн. теңге)  4 жылдық МЕОКАМ (7,8 млрд. теңге) және  7 жылдық (6,6 млрд. теңге),  8 жылдық (12,3 млрд. тенге), 15  жылдық (13,9 млрд. теңге)  МЕУКАМ-дар мен 17 жылдық МЕУЖКАМ (20 млрд. теңге) орналастырылды. Тиімді кірістілік МЕККАМ бойынша 2,04 пайыз, МЕОКАМ бойынша 3,84 пайыз, МЕУКАМ-да 7 жылдықта  4,50 пайыз, 8 жылдықта 5,30 пайыз, 15 жылдықта 5,50 пайыз, ал МЕУЖКАМ бойынша  инфляция деңгейінен 0,01 пайыз болды.

Григорий Марченконың айтуынша, Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі қаңтармен салыстырғанда 2,2 пайызға ұлғайып, 2167,3 млрд. теңге болды. Ұлттық банктің ноттар эмиссиясының көлемі 37,6 пайызға ұлғайып, 96 млрд. теңгені құрады. 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 2 аукцион (26,4 және 33 млрд. теңгелік) өтті. 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (15,2 млрд теңге) және 9 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 акцион «15,2 млрд.теңге) болды. Тиімді кірістілік 3 айлықта - 1,01 пайыз, 6 айлықта - 1,51 пайыз, 9 айлықта - 1,75 пайызды құрады. Айналыстағы ноттар көлемі 6,5 пайызға ұлғайып, 576,5 млрд. теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар