Мемлекеттік бағдарлама: Спортпен шұғылданғысы келетін балалар саны артты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жан басына қаржыландыру бағдарламасы арқылы балалар спорты жақсы дамып келеді. Бұл туралы алматылық жас спортышылар мен олардың жаттықтырушылары айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі бессайыстан ҚР спорт шебері, жүзу бойынша жаттықтырушы Данил Варсановтың айтуынша, Алматыда қазіргі уақытта жүзумен айналысқысы келетіндердің қатары көп.
«Бізге жәй жүзуді үйренгісі келетін балалар да келеді. Жаттығу кезінде біз жүзу техникасын үйренеміз. Топта әдетте 15-тен 20 адамға дейін болады. Сабақтар 45 минуттан өткізіледі», - дейді ол. Сондай-ақ ол жан басына қаржыландыру бағдарламасы ашылғалы бері спортпен шұғылданғысы келетін балалардың саны артқанын, ата-аналар да балаларын бос уақыттарын тиімді өткізу үшін үйірмелерге жақсы ынтамен беріп жатқанын айтты.


Алматыда жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша спорт үйірмесіне қатысып жүрген алматылық баланың бірі - Нұрасыл Халила.
«Өткен жылдың қараша айында дзюдоға жазылдым. Бұдан бөлек, мен жүзуге де барамын. Маған дзюдо ұнайды. Жақында өткен алғашқы жарысымда екінші орын алдым. Алда көптеген жаттығулар бар. Болашақта Елдос Сметов сияқты кәсіби спортшы болғым келеді. Менің басты тәлімгерім - әкем. Ол да залдан тыс жерде менімен көп айналысады», - деді Н. Халила.


Саят Барлықбекұлы 12 жылға жуық уақыт балаларды каратэ - киокушинкайдан жаттықтырады. ҚР спорт шебері. Екінші данның қара белбеуінің иегері.
«Біздің клубта 4-тен 18 жасқа дейінгі балалар жаттығады. Каратэ баланы тәртіп пен жауапкершілікке үйретеді. Қазір біздің клубта 200 бала тегін жаттығады. Жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу негізінен көп балалы ата-аналарға көмектесті. Мысалы, бірнеше баласы бар отбасылар түрлі үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алды. Менің ойымша, бұл балалар спортын дамыту үшін мемлекет тарапынан үлкен қолдау. Себебі, спортта үлкен тәрбие жатыр», - деді каратэ жаттықтырушысы.
Айиа кетейік, Almaty Arena спорт кешенінде жұмыс істейтін барлық үйірмелер дерлік мемлекеттік жан басына қаржыландыру бағдарламасына қатысады.
«Бұл бағдарлама бойынша оператордың мақұлдауынан спорттың 11 түрі бойынша 15 спорт үйірмесі өтті. Бүгінгі таңда спорт бағыты бойынша бізде 2,5 мың бала айналысады. Тағы 1000-ға жуық бала Almaty Arena-дағы біздің үйірмелерге қатысу кіру үшін ваучер берілуінің ашылуын күтуде. Біздің барлық үйірмелер сұранысқа ие, дегенмен, бассейнге деген сұраныс өте жоғары болып тұр. Спорттан басқа бізде шығармашылық бағыттар да белсенді дамуда. Біз олардың дамуына да көмектесеміз», - деді әлеуметтік жауапкершілік аясында мектеп спорты мәселелері бойынша жетекшілік ететін Фируза Супиева.
Айта кетейік, ағымдағы жылы мегаполисте мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асыруға 3,2 млрд теңге бөлінді.


