Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда орын алған заң бұзушылықтар бойынша 262 қылмыстық іс қозғалып, келтірілген залал 2,2 млрд. теңгеден асты - Қаржы полициясы

 АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда залал 2,2 млрд. теңгеден асты. Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қлмсқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда орын алған заң бұзушылықтар бойынша 262 қылмыстық іс қозғалып, келтірілген залал 2,2 млрд. теңгеден асты - Қаржы полициясы

«Мемлекеттік орын алған заң бұзушылықтар бойынша 262 қылмыстық іс қозғалып, келтірілген бағдарламаларды жүзеге асыру барысында орын алған заң бұзушылық фактілері бойынша 2010-2011 жылдары қаржы полициясы органдарымен 262 қылмыстық іс қозғалды, мемлекетке келтірілген залал 2,2 млрд. теңгеден асты. Аталған мерзімде осы санаттағы 184 қылмыстық іс сотқа жолданып, 157 тұлға сотталды», - деді ресми өкіл.

М.Жұманбайдың айтуынша, ең көп қылмыстар жұмыссыздықтың деңгейін төмендету және аумақтардың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында анықталған. Соңғы 2 жылда осы салада 170 қылмыстық іс қозғалып, мемлекетке келтірілген залал сомасы 178 млн. теңгені құрады.

Мәселен, Ақмола облысы Целиноград ауданының бұрыңғы әкімі М.Мыңжановқа, оның бірінші орынбасары П.Ежовқа және  «КазСтройпроект» ЖШС басшыларына қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда. Оларға «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген 71 млн. теңгені иемденген және ысырап еткен деген айып тағылуда.