Мемлекеттік БАҚ үшін KPI жүйесі енгізіледі - А. Жұмағалиев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Контенттің сапасы мен танымалдығы мемлекеттік БАҚ-тардың тиімді жұмысының негізгі көрсеткіші болып табылады. Бұл туралы Kazpravda.kz сұхбатында Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы А. Жұмағалиев айтты.
«Біз мемлекеттік БАҚ үшін KPI жүйесін әзірледік, жылдың аяғында олардың жұмысын бағалап, оның тиімділігі бойынша қорытынды шығаруға болады. Бірінші кезекте контенттің сапасы мен танымалдығына назар аударамыз», - деді ол.
А. Жұмағалиев ведомство жоспарымен бөлісті. Оның айтуынша, іске асырумен бүгінде агенттік айналысатын міндеттердің көпшілігін Елбасы «Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасында алға қойған.
«Бұл отандық БАҚ-ты, оның ішінде интернет-ресурстарды және нарықты дамытуды ынталандыруға бағытталған заңнамалық нормаларды мемлекеттік қолдау шаралары және ғаламторға көшу бөлігінде баспа БАҚ-ты қолдау, мемлекеттік БАҚ-тың желіге қатысуын ұлғайту», - деді агенттік басшысы басымдықтарға тоқталып.
Сондай-ақ Астанада «Қазмедиа Орталығы» жұмыстарының тұжырымдамасы қайта қаралатыны белгілі болды.
«Оны барынша кең ауқымды етуді жоспарлаудамыз, оның ресурсымен тек мемлекеттік телеарналар ғана емес, сонымен бірге оны нарықтың басқа да қатысушыларының пайдалануын қарастырмақпыз», - деді А. Жұмағалиев.