Мемлекеттік басқару академиясы оқытуға корпоративтік басқару тұжырымдарын енгізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова мен мемлекеттік қызметшілерді қосымша оқыту институтының директоры Гүлімжан Сүлейменова мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта оқыту жүйесіндегі жаңалықтар туралы хабардар етті.

Мемлекеттік басқару академиясы оқытуға корпоративтік басқару тұжырымдарын енгізеді

Бұл жүйедегі басымдықтар тәжірибе жүзінде оқытуға ауысады. Яғни, тыңдаушылар алдында күнделікті қызметіндегі жағдайлар жасалып, түйінді мәселелерді шешу жолдары ұсынылады.   Білім берудің жаңа модельдері мемлекеттік қызмете меритократия, нәтижеге жұмыс істеу, ашықтық пен қоғамға есеп беру қағидаларын қалыптастыруға үлкен сеп болады деген үміт зор. 

«Мемлекеттік қызметшілерді осы уақытқа дейінгі оқытқан моделдің қоғамдағы өзгерістерге уақытылы әсер етуге үлгермегендігін, сондықтан да оқу үрдісіне қатысушыларды толық қанағаттандыра алмағандығын мойындаймыз. Оқыту көбінесе фрагменттік сипатта өтті. Біз бүгін де мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуының төмен уәждемелік деңгейін, жұмыс берушілердің  қызметкерлерінің кәсіби өсуіне қызығушылық танытпайтынын байқаймыз. Бүгін мемлекеттік қызметшілер стратегиялық және бюджеттік жоспарлау менменеджментті, адами ресурстарды басқаруды, тілдік және ақпараттық  құзыреттіліктерді игеруі тиіс», деді Фатима Жақыпова. 

Жаңа бағдарламалар бұрынғылардан теориялық білімнен практикалық дағдыға өту бойынша түбегейлі өзгеше.  Бағдарламалардың мазмұны мен пәндердің тізімі халықаралық тәжірибеге негізделген және мемлекеттік қызметтің қазіргі және келешектегі қажеттіліктерін ескерген.

Тыңдаушыларға қойылатын талаптар да өзгерді. Биылдан бастап академияға қабылдану үшін талап етілетін жоғары білім дипломының орташа бағасынің деңгейі және қабылдау емтихандарының баллдары сомасы жоғарылады. Магистратура мен докторантураға қабылдау ережелері қайта қаралып жатыр. Соның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы қашықтан құжат қабылдау жүйесі енгілізеді. 

Эссе жазу, кейстерді шешу және оқуға үміткерлермен интервью жүргізу тәсілдері кеңінен қолданылмақ. Бұл үміткерлердің  жеке қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.

Академияға қызметке қабылдау жүйесі де өзгереді. Конкурстар  мен бос лауазымдар туралы хабарландырулар дәстүрлі БАҚ-мен қатар жұмыс іздеуші компаниялардың Интернет-парақшаларында, әлеуметтік желілерде  орналастырылады.Конкурстық іріктеуге сырттан қазақстандық және шетелдік сарапшылартартылады.Академияның профессорлық-оқытушы құрамының сапасыныңң  маңыздылығын ескере отырып, кандидаттарды бағалаудың жаңаша бағыттары қолданылады. Мысалы, алдағы потенциалы, бұрынғы әлеуетінің бағасы, жетістіктері, ұсынымхаттар т.б. ескерілетін болады.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілікті арттыруға байланысты тәсілдері қайта қаралды. 

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің бірқатары қайта даярлау мен біліктілікті арттыру курстарыноблыстық әкімшілік аппараттар жанындағы аймақтық оқу орталықтарында өтеді.

Қайта даярлау мен біліктілікті арттыру курстарының форматын өзгерту және алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің алған білімін тәжірбие жүзінде қолдануына мониторинг жүргізу қарастырылған.Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілікті арттыру курстарында келесі сұрақтар қарастырылатын болады:

- Өзгерістерді меңгеру: көшбасшылық және интеграция;

- Адам ресурстарын стратегиялық басқару;

- Басқарудың қолданбалы мәнісі;

- Іскерлік коммуникациялар және мемлекеттік қызметшілердің этикасы және т.б.

Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың басым бағыттарында  қолданбалы зерттеуді ұйымдастыру бойынша жұмыстар басталды.

Формалды ынтымақтастық түрінен шегініп, анықталған әлемдегі алдынғы қатарлы оқу орталықтары бар нақты институционалды ынтымақтастыққа өту арқылы халықаралық ынтымақтастықтың мүмкіндігі қарқынды даму үстінде.

Жаңа енгізілім мемлекеттік басқару органдары жүйесінде жүргізіліп жатқан өзгерістер «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» атты бірінші институционалды реформаның жүзеге асуына сай келеді және мемлекеттік қызметшілердің мотивациясын арттырып, кәсіби дамуына септігін тигізеді.