Мемлекеттік басқару академиясы отандық білім берудің сапасын анықтап көрмек

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Төлеуғали Бөрібаевтың айтуынша, әлеуметтік зерттеу кезінде «менеджмент», «мемлекеттік және жергілікті басқару» сияқты мамандықтарға негізгі басымдық берілмек. «Екі айдың ішінде мемлекеттік және жеке меншік жоғары оқу орындарында оқитын студенттер арасында сауалнама жүргізіледі. Оның аясында жастар тиісті анкеталарды толтырады. Онда «Білім беру жұмысына қанағаттанасыз ба?», «Оқытушылардың қызметін қалай бағалайсыз?», «Материалдық-техникалық база оқу үдерісіне сай келе ме?», «Асхананың жағдайы қандай?», «Кітапхана қоры жеткілікті ме?», «Жоғары оқу орнының территориясы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келе ма?», «заманауи компьютерлік технологиялар қолданыла ма?», «Интерактивтік тақта бар ма?» сияқты сұрақтар бар. Сауалнаманың қорытындысы маусымның аяғында жарияланады. Айта кетер жәйт, бұл - таза ғылыми жұмыс. Ол білім беру жүйесін оңтайландыруды көздемейді», - дейді Т.Бөрібаев.