09:35, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары Астананың балалар үйіне көмек ретінде қайырымдылық шарасын өткізді
АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары Астананың балалар үйіне көмек ретінде қайырымдылық шарасын өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Балалардың ересектердің тұрақты қолдауына мұқтаж екенін барша жұрт біледі, сондықтан да бұл шараны Академияның барлық тыңдаушылары қолдады.Жиналған қаражатқа балалар үйінің тәрбиеленушілерінен жасақталған футбол командасына спорттық жабдықтар сатып алынды. Салтанатты жиында магистранттар балаларға футбол доптары мен спорттық аяқ киімдер табыс етіп, оларға үлкен жетістіктер тіледі.