Мемлекеттік басқару органдарында шешім қабылдайтын әйелдердің үлесін 30 пайызға жеткізу өзгеріссіз қала береді - Г. Әбдіхалықова

анның 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мемлекеттік басқару органдарында шешім қабылдайтын әйелдердің үлесін  30 пайызға жеткізу өзгеріссіз қала береді.

Мемлекеттік басқару органдарында шешім қабылдайтын әйелдердің үлесін 30 пайызға жеткізу өзгеріссіз қала береді - Г. Әбдіхалықова

 Бүгін Астанада өтіп жатқан «Қазақстандағы әйелдер мен еркектерге арналған тең мүмкіндіктер: бүгінгі болмысы мен келешегі» атты конференцияда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік басқару органдарындағы әйелдердің өкілдік ету жағдайы мынадай: 1 әйел - министр, 2-уі - агенттік төрайымдары, 6-уы - вице-министрлер, 4-еуі орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары, 3-уі - облыс әкімдерінің орынбасарлары, 4-уі - аудан әкімдері.

«Әрине, бұл цифрлар біздерді қанағаттандырмайды. Әйелдердің мемлекеттік басқару органдарындағы өкілдік ету көрсеткіштері 40 пайыздан асып жығылатын Норвегия, Швеция, Финляндия және Испанияның мысалдары біздерді шабыттандырады. Басқарушылық шешімдерді қабылдау деңгейіндегі әйелдердің өкілдік етуін 30 пайызға жеткізу жөніндегі мақсат өзгеріссіз қалады», деді Г. Әбдіхалықова.

«Осы мақсатта Парламентте «Отбасы» атты арнайы депутаттық топ құрылды. Қазіргі уақытта «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп мемлекеттік және қоғамдық-саяси жұмыстарға ұсыну үшін барынша дайындығы бар әйелдердің қатарынан кадрлық резервтер құрылуда», деп толықтырды сөзін ол. Министрдің айтуынша, елімізде бұл үшін салмақты база бар. Мәселен, мемлекеттік қызметшілердің арасындағы әйелдердің үлесі - 58 пайызды құрайды. Ал  Қазақстанда тұратын 16 миллионнан астам адамның 52 пайызы әйелдер.