Мемлекеттiк басқару жүйесiнде кадрлардың «көшiп-қонуы» тыйылмай тұр - депутат

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын мемлекеттiк басқару жүйесiнде кадрлар 15-16 пайызға жаңарып отырады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов мәлiм еттi.

Мемлекеттiк басқару жүйесiнде кадрлардың «көшiп-қонуы» тыйылмай тұр - депутат

Оның айтуынша, мемлекеттiк басқару жүйесiнде кадрлардың көп тұрақтамауы өзектi мәселеге айналды.

«Ең үлкен мәселелердiң бiрi - басшылардың ауысуы кезiнде кадрлардың да ауысу жағдайы. Бұл бiздiң жүйенiң ең түйткiлдi тақырыптарының бiрi. Дегенмен, 2012 жылы Мемлекеттiк қызмет туралы заңнан кейiн бұл үдерiс бiраз азайған. Бiрақ мәселе толық шешiмiн таппай отыр», - дедi Е. Бектұрғанов.

Оның сөзiне қарағанда, жыл сайын мемлекеттiк басқару жүйесiнде кадрлар 15-16 пайызға жаңарып отырады.

«Орталық мемлекеттiк органдарда қызметкерлер орташа есеппен 2-2,5 жыл жұмыс iстейдi екен. Бұл - өте аз», - деді ол.