Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім және білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарт бекітілді

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 466 қаулысымен Қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім және Қатысушы банк пен салымшы арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарт бекітілді.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім және білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарт бекітілді

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 8 мамыр № 466 Астана, Үкімет Үйі

Қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді және Қатысушы банк пен салымшы арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты бекіту туралы

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім;

2) Қатысушы банк пен салымшының арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарт бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қаулының толық мәтіні мына жерде