Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымшылары сыйлықақы алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) салымшылары болып табылатын Қазақстан азаматтары 2016 жылға мемлекет сыйлықақысын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«2017 жылы МБЖЖ білім депозиттерін ашқан 13 мың салымшы 556 миллион теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен мемлекеттік сыйлықақымен көтермеленді. Мемлекеттік сыйлықақы жыл сайын бір уақытта төленеді»,-деп атап өтілген ҚР БҒМ мәліметінде.

Бұған дейін мемлекет сыйлықақы екі мәрте төленді, яғни 2015 жылы - 4 748 мың теңге, ал 2016 жылы - 325 657 мың теңге. Төленген мемлекеттік сыйлықақының жалпы сомасы 897 миллион теңгеге жетті. Қазіргі уақытта МБЖЖ жүйесінде тіркелген салымшылардың саны 17 мың адамнан астам. Ашылған білім депозиттерінің жалпы сомасы 11,5 миллион теңгеден асты.

Айта кетейік, мемлекет сыйлықақысы - ақылы білім алуға жалпы қолжетімділікті арттыру мақсатында білім беру депозиттерін ынталандырудың қосымша шарасы. Сыйлықақының мөлшері 5 пайыз немесе 7 пайызды құрайды. 7 пайыз мөлшеріндегі көтеріңкі сыйақы мемлекеттен әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарға, яғни жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, аз қамсыздандырылған отбасылардағы және көпбалалы отбасылардағы балаларға бөлінеді.

Оны есептеу жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 1 жыл толған салымдағы нақты жинақталған сомаға жүргізіледі.  

Соңғы жаңалықтар