Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі комиссияның жұмысы басталды
АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның жұмысы басталды.
Биыл мемлекет тарапынан бөлінген гранттардың саны 36 046 дананы құрады. Оның 35 046-сы күндізгі бөлімге бөлінсе, 1 мың грат сырттай оқу бөліміне беріліп отыр. Конкурсқа 91 018 талапкер қатысады. Қазақ бөлімі - 66 912 және орыс бөлімі - 24 106 талапкер. Олардың ішінде 3 070 «Алтын белгі» иегері, 1240 халықаралық білім олимпиадалары мен ғылыми конкурстардың жеңімпаздары бар. Жалпы, биылғы конкурста бір мемлекеттік грантқа 2-3 талапкер таласады.