Мемлекеттік бюджет жекелеген қызметкерлердің заңсыз әрекеттерінің салдарынан жыл сайын миллиондаған теңгені жоғалтады ? И.Елекеев

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Мемлекеттік қазына мемлекеттік құрылымдардың жекелеген қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен немқұрайлықтарынан жыл сайын жүздеген миллион теңгені жоғалтып отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы Сотында өткен кеңейтілген кеңесте Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасы Ирак Елекеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Осындай қызметкерлердің кінәсінен мемлекет қомақты қаржыларды жоғалтып отыр. Ал айыпты қызметкер, заңсыз әрекеттерге жол бергені үшін шығынды мемлекет өтейтінін біліп, бұзушылықтарды одан әрі де жалғастырады», - дейді Комитет төрағасы. Оның атап көрсеткеніндей, Азаматтық кодекстің 289-ы бабына сәйкес, мемлекеттік орган сол тұлғадан өтелген шығынның орнын толтыруды (регресс) талап ете алады. Алайда, оны істеп отырған органдар кемде-кем. «Комитет бұл мәселеге баса назар аударып отыр. Біз бүгінгі күнге дейін соттардың 106 шешімі бойынша барлық жауапкершіліктерімізді орындадық. Оның тең жартысы регрестік тәртіпте кінәлі тұлғалардан өндіріп алынды, қалғаны орындалу үстінде. Басқа мемлекеттік органдардан да бұл мәселеге жіті назар аударуды сұраймын. Комитет өз тарапынан қаражаттарды өндіріп алу тұрғысынан жан-жақты көмек көрсетуге дайын», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар