Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік жобаларды таңдау мәселесі ҮЕҰ-ларға тапсырылуы тиіс - А.Соловьева

АСТАНА. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік маңызы бар жобаларды таңдау мәселесі үкіметтік емес ұйымдарға тапсырылуы тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан ҮЕҰ-лардың бейресми конференциясы барысында журналистерге берген сұхбатында Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева мәлім етті.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік жобаларды таңдау мәселесі ҮЕҰ-ларға тапсырылуы тиіс - А.Соловьева

А.Соловьева, қазіргі уақытта Азаматтық альянс, Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің құрылымында үкіметтік емес ұйымдардың қосып жатқан үлесі де есептелуі тиістігі мәселесін көтеріп отырғандарын айтты. «Себебі, бұл арзан еңбек. Олардың арасында еріктілердің тегін атқарған жұмыстары да бар. Осылардың барлығы есептелген жағдайда, біз қандай сапаға қол жеткізіп отырғанымыз айқын болар еді», - дейді.

Айта кетейік, жыл сайын ҮЕҰ-лардың әлеуметтік маңызы бар жобаларын қаржыландыруға мемлекеттік және жергілікті бюджеттен шамамен барлығы 1,5 миллиард теңге бөлінеді. Оның сыртында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар бар.