18:59, 05 Сәуір 2012 | GMT +5
Мемлекеттік хатшы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелеріне жаңа төрағаны таныстырды
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелеріне жақында Мемлекет басшысының Жарлығымен комиссияның төрағасы болып тағайындалған Қуаныш Сұлтановты және комиссияның жаңа мүшелерін таныстырды.
Мемлекеттік хатшы комиссияның мүшелерін ағымдағы жылы олардың алдарында тұрған міндеттермен таныстырып, адам құқықтарын қорғау саласында табыстар тіледі.