Мемлекеттік хатшы ҚР БҒМ-ге 25 маусымға дейін барлық балабақшаларға жан-жақты аудит жүргізуге тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер әрқашан да тәртіптілігімен үлгі болуы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.
None
None

Жақында Алматыда балабақшада өліммен аяқталған қайғылы оқиғаға тоқталған Мемлекеттік хатшы, бүгінде ата-аналар баласын балабақшаға жібергенде оның қауіпсіздігіне толық сеніммен қарай алмайтындығын атап өтті. Яғни, күрке, дуал, ағаш құлауы мүмкін немесе автокөлік басып кетуі ықтимал.

«Сонымен бірге жол жүру ережесін бұзу жағдайлары, әсіресе әйелдер тарапынан жиілеп кетті. Мәселен, биылғы мамырдың басында Алматыда көлікті басқаруға куәлігі жоқ әйел алкогольдік ішімдікке масайған күйінде машинаға отырып, жаяу жүргіншіні қағып кетуі салдарынан 4 айлық бала мерт болды. Бұл жан түршігерлік оқиғалар»,-деді Г. Әбдіқалықова.

Осы орайда Мемлекеттік хатшы Ұлттық комиссия мүшелерінің аталған жағдайларға ерекше мән беруі керектігін айта келе, әйелдер бірінші кезекте тәртіптіліктің, ұйымдастырушылықтың, заңға бағынушылықтың, сондай-ақ жоғары мәдениеттілігімен үлгі болуы тиіс екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Г. Әбдіқалықова балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың жиілеп кетуінен қоғамдағы наразылық сезімі күшейіп отырғандығын атап өтті. Сондықтан да осы мәселе бойынша жүйелі түрде мұғалімдермен, ата-аналармен, мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен, сондай-ақ осындай фактілерге жол бермеуге талпыныс жасап отырған барлық тараптармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

Сөз соңында Мемлекеттік хатшы Білім және ғылым министрлігіне 25 маусымға дейін республика бойынша барлық мектепке дейінгі және орта білім ұйымдарының тыңғылықты аудитін жан-жақты жүргізуге тапсырды. Жазғы мектеп каникулына байланысты жазғы сауықтыру маусымында балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды жүктеді.

Соңғы жаңалықтар