10:25, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Мемлекеттік хатшы Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр
ПЕТРОПАВЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жұмыс сапары барысында бүгін Қ.Саудабаев «ЗИКСТО» акционерлік қоғамында, «Қызылжар-Ақбастау коммуналдық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында, «Шапағат» коммуналдық дүкенінде, «Зенченко и К» коммандиттік серіктестігінде болады. Ал ертең Мемлекеттік хатшының қатысуымен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқу-спорт кешенінің ашылу рәсімі өтеді. ол сондай-ақ, «Балдәурен» балабақшасына, екінші қалалық ауруханада ашылған Кардиологиялық орталыққа ат басын тірейді.
Мемлекттік хатшы ертең сондай-ақ, ұлттық-мәдениет орталықтарының басшыларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.