Мемлекеттік хатшы- Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Алматыда зиялы қауыммен кездесті

; АЛМАТЫ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бір топ қаламгерлермен және БАҚ басшыларымен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мен 2 айдан кейін өтетін ұйым саммиті туралы баяндады. «Соңғы 8 айда Қазақстан әлемдегі беделді ұйымның бірі ЕҚЫҰ-ға төраға болып отыр. Сондай-ақ жақында соңғы 11 жылда болмаған ұйымға мүше елдердің басшыларының кездесуі өтпекші. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табысын әлем елдерінің жоғары бағалағаны. Бұл шын мәнінде біздің Елбасының дүние жүзі алдындағы беделінің биіктігі. Алдағы саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 67 мемлекеттің басшылары, оның ішінде ұйымға әріптес 12 мемлекет басшылары, сондай-ақ 65 халықаралық ұйымның басшылары келеді. Бұл тарихи дүние, сәтін салса, енді тек 55 жылда ғана қайталанады. Бұл оқиға тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында орын алып отыр. Мен өз басым 19 жылда еліміз осындай дәрежеге жеткеніне мақтанамын. Алдағы уақытта осы қол жеткен жетістікті ары қарай жалғау парыз. Осы шараға бәріміздің үлес қосуымыз керек. Еліміздің рухани, мәдени саласындағы тұлғалар ретінде осы істің басында болып, халыққа жеткізетін сіздер, сондықтан бүгінгі кездесуде осы мәселе бойынша өздеріңізбен ой бөлісу басты мақсат», деді Қ.Саудабаев.

Шараға көрнекті әдебиеттанушы ғалым, академик Серік Қирабаев, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, әдебиет сыншысы Шерияздан Елеукенов, жазушылар Дулат Исабеков, Оразбек Сәрсенбаев, Марал Сқақбаев, Бексұлтан Нұржекеев, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, сондай-ақ жетекші БАҚ-ының бас редакторлары Қали Сәрсенбай, Шәмшеддин Паттеев, Нұртөре Жүсіп, Жұмабай Шаштайұлы, Бақыт Сарбалаев, Жанарбек Әшімжан, «Қазақстан» ұлттық телеранасының президенті Жанай Омаров қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар