Мемлекеттік хатшының қатысуымен ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңес жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылығы, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми сарапшылық кеңестің өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы М. Тәжин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ-шы сессиясында этносаралық қарым-қатынас саласындағы жұмысты жандандыру бойынша берген тапсырмаларының орындалуын қорытындылады.
Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы еліміздегі этносаясатты жетілдіру, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді әрі қарай дамытудың негізгі мәселелерін нақтылап өтті.
Бұдан бөлек отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламент Мәжілісіндегі депутаттық тобының қызметі, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан халқыАссамблеясының қызметі туралы есептер тыңдалды.