Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесі құрылады - Мәжіліс

Заң жобасының негізгі мақсаты елді мекендердің, инженерлік құрылыстардың және желілердің, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымның жай-күйі туралы ақпараттың жеделдігін қамтамасыз етуге бағытталады. Осы бағытта Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін құру көзделеді. Бұнымен қоса, авторлық қадағалауды жүзеге асыру рәсімдерін реттеу және нысандар құрылысына арналған алдын ала жобалау құжаттамасының мерзімін белгілеу көзделеді. «Заң жобасында қала құрылысының жаңа жүйесі жаңа технологияларды пайдалана отырып, жекелей кәсіпкерлер мен халықты қолжетімді деңгеймен қамтамасыз ету көзделеді. Ақпараттардың жеткіліктілігі түрлі рұхсаттама жүйелерінің соның ішінде, жер телімін беру, құрылыс салуға рұқсат беру, т.б. уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызады. Бұл сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтан сақтандыратын жаңа жүйе. Бұл жүйе басқа да мемлекеттік ақпараттық базалармен бірге Электрондық үкіметтің құрамдас бөлігі болып табылады», - дейді заң жобасы бойынша баяндаған депутат Асқар Базарбаев.