Мемлекеттік кіріс комитеті кеденшілердің бұрынғы жалақыларын қалпына келтірмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кіріс комитеті кеденшілердің бұрынғы жалақыларын қалпына келтірмек. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары Ғосман Әмрин мәлім етті
None
None

«Қоғамның бұған дейінгі кеден, салық және қаржы полициясы органдарында жемқорлық деңгейінің үлкен болғандығын айтып, үнемі сынайтындығы құпия емес. Бұл дұрыс та. Бүгінде бұл қауіп сақталып отыр. Шынын айтқанда, мәселені біз сан мәрте талқылаған болатынбыз. Қазіргі уақытта Қалжат, Қорғас, Майқапшағай және Бақты кеден бекеттерінің кеденшілері 50-60 мың теңге жалақы алады. Сондықтан да бұл жайттың түбіне бойлап, салдарын жою қажет-ақ», - деді ол

Ғ.Әмриннің айтуынша, сол себепті де қазіргі уақытта Мемлекеттік кіріс комитеті кеденшілердің аттестациядан өткенге дейінгі жалақы деңгейлерін қайтаруға бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бұл мәселені комитет басшысы Дәулет Ерғожин Үкімет деңгейіне көтеріп, ол қолдау тапқан.

Соңғы жаңалықтар