Мемлекеттік кіріс комитетінің аудандық бөлімшелерінен бақылау қызметі алынады

«Идеяның туындаған сәтінен бастап салық және кеден қызметтерінің іс жүзінде қосылуына дейінгі күрделі жұмыстар жүргізілді. Түгендеуге аталған қызметтердің барлық аспектілері ілікті»,- деді ол.
Сонымен қатар комитет басшысының сөзіне қарағанда, «DoingBusiness» рейтингісінде жоғары позицияларға ие Дания, Ұлыбритания, Нидерланды, Германия, Австрия, Финляндия, Испания, Венгрия, Эстония, Латвия, Грузия елдеріндегі мемлекеттік кірістерді тиімді әкімшілендірудің халықаралық тәжірибелері зерделенген.
«Халықаралық тәжірибе негізінде Мемлекеттік кіріс комитетінің құрылымы әзірленді. Іс жүзінде бұл қарапайым үш сатылы құрылым: Орталық - Облыс - Аудан. Бірақ жаңа функционалды міндеттері бар. Аудандық деңгейдегі бөлімшеден бақылау қызметі алынып, тек салық төлеушілерге сервистік қызмет көрсету функциясы қалады», - деді Д.Ерғожин.
Комитет басшысының атап өтуінше, ведомствоның қосалқы бөлімшелері оңтайландырылып, бизнес-процестерді қайталау жойылды және персонал саны қысқартылды.