Мемлекеттік кірістер комитеті 2015 жылы бюджетке 60 млрд теңге өндірген

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті 2015 жылы мемлекет бюджетіне 60 млрд теңгеден астам шығынды өндіріп берген. Бұл туралы бүгін комитеттің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов мәлім етті.
None
None

«2015 жылы Комитет жұмысының арқасында экономикалық тергеу қызметі 10 231 заң бұзушылықты анықтап, 4 407 істі қараған, оның ішінде 3 508 іс сотқа жіберілді. Бюджетке келген 60 млрд теңге көлеміндегі шығын қайта өндіріліп, ол мемлекетке міндетті әлеуметтік төлемдерін төлеуге мүмкіндік берді»,-деп хабарлады ол.

Оның айтуынша, экономикалық тергеу қызметі 2014 жылдың соңына қарай құрылған болатын. Қызметті құрудағы мақсат - мемлекет пен бизнестің экономикалық мүдделерін қорғау болса, бір жағынан жөнсіз тексерулердің жолын кесу, тәуекелдерді басқару жүйесіне ауысып, тек өте күрделі жағдайларда ғана қылмыстық тергеу жүргізу.

«Экономикалық тергеу қызметінің негізгі жұмыс бағыты - көлеңкелі экономика саласында, яғни, салық, кеден, қаржы салаларында құқық бұзушылықтарды тексеру», - деп атап өтті Ж.Сұрағанов.

Соңғы жаңалықтар