Мемлекеттік кірістер комитеті алданған үлескерлерді іздеп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті «Орал-Дизайн-Стройсервис» ЖШС директоры К. Жұмабековтың Астанадағы Көктал кентіндегі тұрғын үй кешенін салуда алаяқтық және ақшалай қаражатты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитеті алданған үлескерлерді іздеп жатыр

«Қазіргі уақытта соңғы эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Онда инвесторлардың (жеке тұлғалардың) бір бөлігі әлі күнге дейін Астанадағы мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеулер қызметіне өздерін зардап шегуші ретінде тануға арызданбаған», - деп хабарлады Комитеттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитеті қылмыстық құқықбұзушылық туралы дер кезінде хабарланбаған жағдайда, яғни зардап шегушілер тергеу амалдары біткен соң арыз берсе, азаматтық тәртіпте сотқа жүгінулері қажет болады.

 «Бұл ретте Орал-Дизайн-Стройсервис» ЖШС-мен келісім жасасқан, өздерін зардап шегуші ретінде тану үшін Астанадағы мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеулер қызметіне арызданбаған тұлғалар мына мекенжайға келулері тиіс: Астана қаласы, Әуезов көшесі, 34-үй, 204-кабинет(МКД ЭТҚ аға тергеушісі А. С. Ғұсмановқа). тел.: 8 (7172) 22-73-25, +7 775 980 55 14)», - делінген хабарламада.