Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері 8 пара беру фактісінің жолын кесті
Аталған комитет мəліметінше, заңсыз ойын бизнесі саласында тергеліп жатқан қылмыстық іске көмектескені үшін экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерін параға сатып алудың 2 фактісінің, анықталған салық заңнамасын бұзушылық бойынша әкімшілік жауапқа тартпағаны үшін салық қызметкерлеріне 3 пара беру фактісінің, тағы жүргізілетін тексерулер бойынша оң шешім қабылдағаны үшін - 2 фактінің және салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманы ұсынғаны үшін - 1 фактінің алды алды.
Мысалы, ағымдағы жылдың қаңтар айында Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер департаменті ІҚБ қызметкерлері «У» деген азаматты ұстады. Ол тергеліп жатқан қылмыстық іске көмектескені және оң шешім қабылдағаны үшін департаменттің экономикалық тергеу қызметінің тергеушісіне 1 миллион теңге сомасында пара бермек болған.
Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу, өмір бойы мемлекеттік органдарда нақты лауазымдарға орналасу құқығынан айыру және 100 сағат ықтиярсыз жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облыстық МКД ІҚБ қызметкерлері жүргізіліп жатқан салықтық тексеру бойынша оң шешім қабылдауы үшін департамент маманын 1 миллион теңге параға сатып алмақ болған жеке кәсіпкерді, сондай-ақ оны қылмыс жасауға итермелеген «М» деген азаматты ұстады.
Жосықсыз кәсіпкерлердің мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне пара беру бойынша осындай фактілер Алматы қаласында және облысында жолы кесілді.
Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабына сәйкес лауазымды тұлғаға пара беру жазаланатын қылмыстық әрекет саналады. Ол үшін мүлкі тәркіленіп 15 жылға дейін бас бостандығын шектеу түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделген.