Мемлекеттік кірістер комитетінің үш қызметкері жол апатынан көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейнеуде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің үш қызметкері жол апатынан көз жұмды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік кірістер комитетінің үш қызметкері жол апатынан көз жұмды

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент басшысы міндетін атқарушы Жамбыл Сұрағанов мәлім етті.

«Бүгін түнде біздің үш қызметкеріміз жол апатынан қаза тапты. Комитет басшылығы және барлық әріптестері Сәндібек Жанғалиевтің, Айдос Салиевтің, Қасымxан Сәрсеновтің туған-туыстарына көңіл айтады», - деді Сұрағанов.

Оның сөзінше, жол-көлік апаты Маңғыстау облысы Бейнеу қаласының маңында орын алған. Олар «Тажен» кедендік бекетіне бара жатқан. 

«Қызметкерлердің бірі өзінің жанұясымен болған. Онымен бірге зайыбы, кіші ұлы қаза тапты және екі баласы ауыр xалде. Біз оларға көмектесу үшін қолымыздан келер барлық шараларды атқарудамыз. Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуге тырысатын болады, себебі олардың артында балалары қалды. Сәндібек Жанғалиевтің үш баласы, Айдос Салиевтің кішкентай қызы қалды», - деді ол.