Мемлекеттік қолдау деңгейі төмен болғандықтан Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімі сапасы бойынша КО-дағы әріптестерімен бәсекелесуі қиынға түседі

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қолдау деңгейі төмен болғандықтан Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімінің сапасы Кеден одақ бойынша әріптестерге қарағанда төмен.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, Беларусь ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлеміне ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау мөлшері 18 пайызға, Ресейде 6 пайызға, ал Қазақстанда 4 пайызға тең.

«Атап айтқанда, КО елдерінің келісіміне сәйкес, мемлекеттік қолдау деңгейі КО мемлекеттерінде 10 пайыздан аспауы тиіс», -деп тоқталды ведомство басшысы.

Осы орайда ол мемлекеттік қолдаудың жоғары деңгейінің арқасында беларустық шикізат өндірушілер мен қайта өңдеуші кәсіпорындар Қазақстанға қарағанда жақсы технологиялар мен техникаға ие болып отырғандығын сөз етті. Осының барлығы өндірілетін өнімнің сапасына айтарлықтай әсер етеді.

«Бұл тұрғыда Беларусь еліндегі мемлекеттік басқару жүйесі, меншік формасы мен тетіктер қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін шикізатты сатып алу бағасын әкімшілік әдістер арқылы бекітуге мүмкіндік береді. Яғни, бұл елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін алға жылжыту үшін осындай басымдықтары бар»,-деп түйді министр.

Соңғы жаңалықтар