Мемлекеттік қолдаудың арқасында құс шаруашылығы өркендеп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстанда мемлекеттік қолдаудың арқасында құс шаруашылығы қайта дамып келе жатыр. Мұндай пікірді бүгін Қазақстан құс өсірушілері одағының жыл сайынғы есепті кездесуінде одақ президенті Руслан Шәріпов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Артқа көз салар болсақ, онда отандық құс шаруашылығы қайта дамып келе жатыр деп нық сеніммен айтуға болады. Мәселен, соңғы 6 жылдың ішінде құс етін өндіру көлемі 67 пайызға, тауарлық жұмыртқа өндірісі 78 пайызға артып, құс саны 87 пайызға көбейді. Ағымдағы жылы жалпы құс еті өндірісінің көлемі 203 тоннаны құрайды деп күтілуде. Оның 193 мың тоннасын құс фабрикалары өндіретін болады», - деді ол.
null  

Оның пайымынша, құс шаруашылығындағы өндіріс көлемінің артуына мемлекеттік қолдау өз септігін тигізіп отыр. Бұған қоса, бизнес те бұл салаға қаржы құя бастады.

«Соңғы жылдары ішінде мемлекеттік қолдау көлемі 18 есе ұлғайды. Мемлекет тарабынан көрсетіліп отырған бұл қолдау шаралары құс өсіретін шаруашылықтар санының артуына да себепкер болды», - деді Шәріпов.
null  

Сонымен қатар ол өз сөзінде құс шаруашылығында орын алып отырған бірқатар түйткілдерге де тоқталып өтті. Мәселен, кейбір құс шаруашылықтарында инкубациялық жұмыртқа мен тәуліктік балапандардың тапшылығы байқалады.  

Соңғы жаңалықтар