20:34, 26 Ақпан 2010 | GMT +5
Мемлекеттік қолдаудың тағы бір шарты - бизнестің саясатқа араласпауында болып отыр - Н. Назарбаев
АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мемлекеттік қолдаудың тағы бір шарты - бизнестің саясатқа араласпауында болып отыр. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысы барысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев осылай мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бизнесті мемлекеттік қолдаудың тағы бір шарты - бизнестің саясатқа араласпауында болып табылады. Банктерге саясатпен айналысу зиянды, олар құрдымға кетуі мүмкін. Бизнеспен айналысатындар сол ісін жалғастырсын, мемлекет бұларға жағдай жасайды, қолдау көрсетеді. Компанияларға да тура солай. Мемлекет бұларға жағдай жасайды, олар ақша табады, сосын оны азсына да бастайды. Қазақстанда олигархтық капитализм болмайды. Мен бұған жол бермеймін», деді Елбасы.