Мемлекеттік комиссия 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаның санаттары бойынша тұрғын үй бөлу квоталарын белгіледі

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жас отбасы» санаты үшін бір бөлмелі 449 пәтер, екі бөлмелі 536 пәтер, үш бөлмелі 101 пәтер бөлінуде. Ал «Мемлекеттік органдардың қызметкерлері» санатына бөлінетін пәтерлер саны: 1 бөлмелі пәтер - 1200, 2 бөлмелі пәтер - 600, 3 бөлмелі пәтер - 271.
«Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері» санаты бойынша бөлінетін пәтерлер санына келер болсақ, 1 бөлмелі пәтер - 815, 2 бөлмелі пәтер - 363, 3 бөлмелі пәтер - 135 болады.
Бір бөлмелі 710 пәтер, екі бөлмелі 315 пәтер және үш бөлмелі 117 пәтер мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне бұйырады.
Комиссия мүшелері келесі отырыстарда Мемлекеттік бағдарламаға «Жас отбасы» категориясы бойынша қатысқандардың жинаған балдарын есептейді. Олардың тізімдері, жиналған балдарымен қоса, Астана қаласы әкімдігінің сайтында жарық көреді.