«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» туралы ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңға қол қойды.

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» туралы ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

*** 

Қазақстан Республикасының Заңы

 «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

1-бап. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; №11, 102-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 7-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оларды тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тартуға;»;

2) 12-баптың 3-тармағында:

7) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«7) сот әрекетке қабiлетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;»;

«10) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда тіркелетін тексерулерді;»;

12) тармақшадағы «адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізуді жүзеге асырады» деген сөздер «адамдарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

«13) адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан жол-көлік оқиғаларын арнайы есепке алуды жүзеге асырады.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 28 желтоқсан.    №522-IV ҚРЗ