Мемлекеттік құпия үшін тұтқындалған түрік журналистері босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік құпияны жария еткені үшін айыпталған екі түрік журналисі түрмеден босатылды, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Мемлекеттік құпия үшін тұтқындалған түрік журналистері босатылды

«Cumhuriyet» газетінің жетекшілері Джан Дюндар мен Эрдем Гюль қарашада түрік билігі Сириядағы содырларға қару жеткізбек болды деген репортаж жариялағаны үшін тұтқындалған болатын.

Алайда, Түркияның Конституциялық соты оларға қатысты айыптау сөз бостандығын бұзады деп қаулы шығарды.
Журналистер кеше, жұма таңда босатылды. Түрме қақпасында оларды жақтастары күтіп тұрды.
Газеттің бас редакторы Джан Дюндар мен Анкарадағы бюро басшысы Эрдем Гюль түрмеде 92 күн отырды. Олардың ісі бойынша сот отырысы 25 наурызға тағайындалды.
«Бұл - сөз бостандығы соты, - деді Дюндар. - біз босатылдық, алайда 30 әріптесіміз түрмеде отыр. Бұл шешім бойынша олар да бостандыққа шығады деп үміттенемін».
Ол баспасөз бостандығы үшін күресті жалғастыратынын мәлімдеді.